Сағынтаев МӘМС жағдайындағы емханалардың жұмысымен танысты

Сағынтаев МӘМС жағдайындағы емханалардың жұмысымен танысты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық қалалық клиникалық аурухана мен №4 қалалық емханада болып, бұл емдеу мекемелерінің МӘМС жүйесі бойынша қалай жұмыс істеп жатқанын тексерді.

 

Б. Сағынтаев жаңа жүйе бойынша медициналық көмек көрсету жұмысымен танысып, ақпараттық жүйелердің жұмысын, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің дайындығын, пациенттердің бұл жүйеге деген пікірін біліп қайтты. Медициналық ұйымдарда қолдау қызметтері жұмыс істейді. Онда пациенттерге емханаға тіркелуге және МӘМС жүйесінің қатысушысы болуға көмек беріледі. МӘМС-ке төлем жүргізу үшін терминалдар саны артады.

Ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеліп, мәртебесіне қарамастан МӘМС шеңберінде медициналық көмекке жүгіне алады. 1 сәуірден бастап барлық азаматтар сақтандырылған болуы керек. Өйткені медициналық қызметтердің толықтығы мен сапасы осыған байланысты болмақ.

«Алматылықтарды денсаулыққа қатысты маңызды мәселені кейінге қалдырмай, емханаға жүгінуге шақырамын», – деп жазды Б.Сағынтаев өзінің ресми Instagram парақшасында.

МӘМС-ті енгізу процесіне қалалық штаб жетекшілік етеді. Туындаған сұрақтар бойынша +7 (727) 300-0103 телефоны бойынша, сондай-ақ 1406 нөмірі бойынша республикалық Call-орталығына хабарласу қажет.