Б. Сағынтаев Волонтерлер жылы жайлы: әл-Фараби оқуларында «Бақыт көзі – мейірімділікте»

Б. Сағынтаев Волонтерлер жылы жайлы: әл-Фараби оқуларында «Бақыт көзі – мейірімділікте»

Көне Отырар қаласында осыдан 1150 жыл бұрын дүниеге келген әрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз  атанған  Әбу Насыр әл-Фарабидің «мейірімділік» жайлы айтқандары  «Волонтер жылының» идеяларымен ұштасуда.


Жалпы,  бүгінгі жаһандану заманында   ұлы  философтың ұстанар басты принциптері: теориялық қисындар мен қайырымдылық іс-әрекеттердің бірлігін сақтау, яғни сөз бен істің тұтастығы бүгінгі  күні өте маңызды. әл-Фараби адамның, яғни қала тұрғынының бақытын барлығынан да жоғары қояды. Ал бақытқа жетудің бірден бір сара жолы- мейірімділік, көмек қолын созу,  адамгершілік пен бауырмалдық.
«Әл-Фараби ғылыми еңбектерінде бақытқа «өз еркімен және таңдауымен» жақсылық жасағанда ғана жетуге болатынын айтады. Осындай жақсылық жасау әдебіне азаматтарымызды дүниеге келген сәттен бастап баулу біздің мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Елімізде «Волонтер жылы» аталған биылғы жылды қайырымды қоғамға бастайтын жол деп санауға толық болады және ол біздің табиғатымызда бұрыннан бар», -деп атап өтті Б. Сағынтаев.