
Алматылықтардан тарихи ғимараттарды сақтау туралы 697 өтініш түсті. Олардың 200-ден астамы қайталанғандар. Мегаполис тұрғындары бұрыннан мәртебесі бар ескерткіштерді де ұсынған.
Өлкетанушы-гид Гульсана Баттакова Facebook әлеуметтік желісіндегі «Алматының өлкетанушылары» тобына тек 600 нысан мен кешендерді ұсынған. «Тарихи квартал» жобасы аясында Әшімбаев атындағы көше бойындағы 37 үй аталған, бұл жобаны алматылықтар Анна Дегтярева, Еркен Шахмухамбетов, Катерина Корчагина және Евгения Морозова жүргізеді.
Басқарма мамандары жергілікті маңызы бар сәулет ескерткіштерінің қатарына енгізу үшін 200-ге жуық нысанды іріктеп алды. 2020 жылдың 6 ақпаны күні сағат 18.30-да Абай даңғылы, 90 мекенжайдағы Qlab алаңында Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасы «Құнды ғимараттар каталогы» бойынша қоғамдық талқылау өтікзеді.
Бүгінгі күні Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне 118 объект енген.
Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Жоспарлау және урбанистика басқармасы қаланың тарихи ортасын сақтау үшін 2019 жылдың күзінде «Құнды ғимараттар каталогы» байқауы аясында өтініштер қабылдауды бастаған еді. Жүргізілген жұмыс 2020 жылдың ақпан айында аяқталады.