
Бағдарламалаудың озық мектебін құру жобасын жүзеге асыру «42» париждік мектептің және «01 Edu System» білім платформасының негізін қалаушылардың бірі Николя Садиракпен болған екіжақты кездесу барысында талқыланды.
«Алматыда бағдарламалау мектебін құру мәселесін талқыладық. Құнды тәжірибе мен цифрлық білім беру тәсілі біздің дарынды жастарымызға ІТ саласында көрінуге көмектеседі», - деп жазды Сағынтаев.
Николя Садирак – білімі бойынша физик, мамандығы бойынша программист, өз қалауы бойынша педагог. 1999 жылы Epitech бағдарламалар мектебінің негізін қалады және 2013 жылға дейін оның директоры болды. 2013 жылы париждік «Мектеп 42» бағдарламалау мектебінің негізін қалаушылардың біріне айналды, мұнда 18-ден бастап 30 жасқа дейінгі шектеулі білімі бар жандар оқиды. Мектепте күнтізбе, оқытушылар жоқ және баға қойылмайды. Студенттер бірін-бірі «тепе-теңдік» қағидаты немесе peer-to-peer бойынша оқытады.
