Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7-10 қыркүйек күндері сағ. 21:00 мен сағ. 06:00 аралығында түнгі уақытта Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы