Медиаорталық Түркістандағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың бірі болады

Медиаорталық Түркістандағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың бірі болады

Бұл - Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік- іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ. Медиаорталық астаналық «Қазмедиа орталығы» ТРК-дан кейін жаңадан салынған екінші нысан болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның қалған барлық медиаорталықтары жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Медиаорталық ғимараты шынымен толық әрленген. Оның жалпы көлемі – 3000 шаршы метрден астам. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, газет пен радионың редакциялары орналасады. Өңірге түркітілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарланған.

Жобаның жалпы құны - 4,8 млрд тг. Оның үстіне, тек құрал-жабдықтар құнының өзі 2 млрд тг. құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған еді. Құрылыстың аяқталуы - 2019 жылдың қазан айы. Барлық қажетті жабдықтарды толығымен орналастыру шешуші кезең болып табылады.