Қазақстан құрама командасы дзюдодан өткен әлем Чемпионатында төртінші орынды иеленді

Қазақстан құрама командасы дзюдодан өткен әлем Чемпионатында төртінші орынды иеленді

Алматыда әлемнің 61 елінің 500-ге жуық спортшысы бас қосты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы төртінші орынды иеленді. Команда қоржынына алтын, күміс және төрт қола медаль түсті.

Алғашқы күні қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 50 кг-ға дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол Еуропа чемпионы Роман Вальдиоер Пикароны тізе бүктірді.

Қыздар арасында 70 кг салмақпен сайысқа түскен Мадина Парагульгова екінші орынға көтерілді. Финалдық жекелей жарыста ол бразилиялық спортшыдан жеңіліс тапты.

Қазақстан құрамасының қоржынына Алима Жұмағалиева (40 кг), Әділ Марлен (60 кг), Тілеген Тынарбай (66 кг) және Айдар Арапов (81 кг) қола медальдарды түсірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үшін дзюдодан өткен әлем Чемипонаты жеңіспен аяқталды.

«Әлем Чемпионаты алдында біз бір алтын және бір қола медальды жоспарлаған едік. Біздің жасөспірім спортшыларымыз үшін бұл ірі жарыс болды. Менің бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Әлем чемпионатында еліміздің намысын лайықты қорғаған жасөспірімдерге алғыс айтамын», - деп атап өтті Қазақстан құрамасы жасөспірімдерінің аға жаттықтырушысы Ғайнулла Есенғалиев.