Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

Мектеп жиһаздары мен сынып тақталарын жеткізу жөніндегі конкурс 2019 жылдың 2 мамырында жарияланып, оны ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу комитеті өткізді.

Конкурс бес лоттан тұрды, олар: орта, кіші және жоғары буындар үшін парталар комплектілері (үш лот), сынып тақталары, көрнекі құралдар үшін шкаф.

Аталған тауарлар ҚР Үкіметі бекіткен (2015 жылдың 31 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің № 1181 қаулысы) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын Тізімге енген.

Осыған орай, конкурсқа бүкіл Қазақстан бойынша әлеуетті жеткізуші болып табылатын мүгедектердің 43 қоғамдық бірлестіктері қатысты.

ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің нәтижесінен соң, 2019 жылдың 26 шілдеде конкурс қорытындысы жарияланды.

Конкурс қорытындысы бойынша, конкурстық құжаттардың талаптарына сай келетін үш жеткізуші анықталды.

- «Қамқор күш» мүгедектер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі (кіші және орта буын парталар комплектілері) – 143,2 млн. теңге;

- «Аялы алақан» қоғамдық бірлестігі (жоғары буын парталар комплектілері және көрнекі құралдар үшін шкаф) – 97,4 млн. теңге;

- «Батыр» қоғамдық бірлестігі (сынып тақталары) – 259, млн. теңге.

Келісім-шарттың жалпы нақтылы сомасы – 266,5 млн. теңге.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енуіне байланысты, жиһаз өндірісінің тауарлары алдын-ала біліктілікке орай сараланып алынады.

Бірақ конкурс биылғы жылдың 2 мамырында жарияланғандықтан әрі өзгерістердің ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне енуіне байланысты конкурсқа мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қатысты.

Қазіргі кезде аталған тауарлар қаланың 10 мектебіне жеткізілді, нәтижесінде 65 сыныптың жиһаздары жаңарды. Орындықтарға қатысты бірен-саран ескертулер болды, жеткізушілер кемшіліктерді түзеді.

Заңнамаға сәйкес техникалық сипаттаманы әзірлеу үшін конкурстық құжаттарды дайындауға ҚР жиһаздар кәсіпорындары мен ағашөңдеу өнеркәсібі Қоғамдастығының өкілі – сарапшы тартылды.

Бүгінгі күні мектеп директорлары мен мектеп жиһаздарын жеткізушілер арасында қабылдап алу актілеріне қол қойылмаған. Ақы төленбеген.

Мектеп директорларына жеткізілетін жиһаздарды қабылдауда бақылауды күшейту тапсырылды.

Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде мектеп жиһаздары орталықтандыру бойынша жаңарған жоқ. Алматы қаласының Білім басқармасы жеткізілетін жиһаздардың сапасына бақылауды күшейтетін болады.

Наразылық туындаған жағдайда мына телефонға хабарласуды сұраймыз: +7 (727) 262-34-89.

Алматы қаласының Білім басқармасы.