
Алматы тағы да әдебиет туралы маңызды сөз қозғайтынорталыққа айналды. Форумға қатысушылар - Германиядан, АҚШ-тан, Англиядан, Түркиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Ресейден, Марокка мен Литвадан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер.
Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллиннің пікірінше, жемісті халықаралық байланыстар ұлттың мәдени жаңғыруының және дамуының маңызды шарты болып табылады.
Форумның жұмысы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында айтылғандай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.

