Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тамыз сағ. 23:00 мен 1 қыркүйек сағ.7:00 аралығында Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде; 1 қыркүйек сағ. 23:00 мен 2 қыркүйек сағ. 07:00 Құрманғазы көшесінен Қабанбай Батыр көшесіне дейінгі бөлігінде; сондай-ақ 2 қыркүйек сағ. 23:00 мен 3 қыркүйек сағ. 07:00 аралығында Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі толық шектеледі.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы