Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін жолаушылар пойызы қайта іске қосылады

Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін жолаушылар пойызы қайта іске қосылады

3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы қайтадан күн сайын жүретін болады. 3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан сағат 9.30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10.07-де жөнелтіледі.

Жол жүру ақысы поездың ішіндегі жолсеріктерге ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.

Қызмет көрсетуші компания: «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС. Тасымалдау жалпы үлгідегі вагондармен (отыратын орындар) жүзеге асырылады.

Жолаушылар пойызының жүру кестесі

Алматы қ. қалалық мобилділік басқармасы