
Халық санының біршама өсуіне және аумақтардың қосылуына байланысты әлеуметтік инфрақұрылымның тапшылығы айтарлықтай қиындық туғызуда. Осы мәселелерді шешу үшін қалада «басқарылатын тапшылық» саясаты іске асырылады. Жаңа мемлекеттік және жеке меншік білім беру объектілерін салу есебінен орын тапшылығы қысқарады. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарын филиал ретінде тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында орналастыру тетігі қарастырылуда.
Жыл соңына дейін қалада 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2,4%-ға, мектептердегі оқушы орындарының саны 5%-ға өседі.