
Еңбек жолын Алматы қаласының №62 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Түрлі жылдары қаланың білім жүйесінде еңбек етті, оның ішінде мегаполистің Білім басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті.
Басқарманың жаңа басшысының алдына нақтылы міндеттер қойылды, олар: жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік лифтерді құру, ерекше қажеттілікке зәру жандарға кедергісіз кеңістік қалыптастыру. ҮЕҰ әріптестікті дамытып, әлеуметтік жобаларды іске асырып, жұмысты жандандырып, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру қажет.
Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек бірқатар негізсіз шығындардан арылуды ұсынған еді, тұрғындармен жыл сайынғы есепті кездесу кезінде тұрмысы төмен көпбалалы отабыларға кешенді қолдау көрсетудің нақтылы шаралары енген қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасын таныстырды. Аталған бағдарламаға 7 бағыт бойынша нақтылы 13 шара енген, олар - жеңілдетілген ипотека, стипендиялар мен тегін бала бақшалар, қайта оқыту мен еңбекпен қамту, жергілікті бюджеттен бір рет берілетін төлем көлемін ұлғайту.
Таяу арада Алматыда бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін көпбалалы аналардың Орталығы ашылады, мұнда оларға құқықтық, психологиялық кеңес беріліп, реабилитациялық көмек көрсетіледі әрі аналар жұмыспен қамтылады.
Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге қаржылары жоқ болғандықтан қала бюджетінен 1 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаты бөлінеді. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме 18 жылға 2%.
Бұлардан өзге, Алматының тұрмысы төмен отбасыларының екінші баласынан бастап бала бақша тегін болады. Аз қамтылған отбасылардың үздік оқушыларына стипендия төленеді. Бұл олардың оқуға деген ынтасын арттырады. Университеттер мен колледждердің студенттеріне ай сайын 10 мың теңгеден, ал оқушыларға 5 мың теңгеден беріледі.