Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды. Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты:
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, ғылыми-техникалық бағыттарды танымал ету.
Хакатон қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.