Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

Жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар – талшын, қарағай, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.

Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, 1-5 сәуірге созылады.

Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция Департаментіне жол-патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде.