Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы  өндеу жұмыстарының бірінші кезеңінің жүргізілуі  жөнінде

Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы  өндеу жұмыстарының бірінші кезеңінің жүргізілуі  жөнінде

Алматы қаласы аумағында 2022 жылғы 5-ші сәуірден 30-шы сәуірге дейінгі аралықта жалпы ауданы 2424,54 га болатын орман және қалалық саябақтар,  алаңдар аумағында кенелерге  қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізіліп  аяқталды. Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды (көлемі - 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, алаңдары  (көлемі – 519,616 га) қамтылды. Оның ішінде, аудандар кескінінде:

  • Алатау ауданы – 2,93 га;
  • Алмалы ауданы –46,7 га;
  • Әуэзов ауданы –17,97 га;
  • Бостандық ауданы - 439,314 га;
  • Жетісу ауданы -50,05 га;
  • Медеу ауданы -1526,76 га;
  • Наурызбай ауданы -154,716 га;
  • Турксіб ауданы -186,10 га.

Кене энцефалитіне қарсы өңдеу жұмысының  екінші кезеңі 2022 жылғы мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Дезинсекциялық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен  Алматы қаласы бойынша «Дезинфекциялық орталық» филиалымен жүргізілді. Дезинсекциялық өңдеуге 19 даярланған мамандардан құралған 2 дезинфекциялық бригада  жұмылдырылды. Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін қажетті  жабдықтармен: 6 ыстық тұманды термогенераторлар, 3 суық тұманды термогенераторлар, 2 - он екі литрлік моторлы бүріккіштер, 10 - бес литрлік гидропульттер, 2– автокөлiкпен  жабдықталды. Кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына қатысқан мамандар қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлді. Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпті емес 4 класқа жататын инсекті-акарицидидтік «Фаворит» препараты қолданылды (адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз).

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары кенеге қарсы өңдеу шараларының тиімділігіне бақылау жүргізуде.