Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Бейбут Шаханов Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін 2002 жылы, Ұлыбританияда магистратураны 2011 жылы бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінде жетекші маман қызметінен бастаған.

ҚР Қаржы министрлігінде, Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында, Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі департаментінің директоры, су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.