Алматыда осы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Алматыда осы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Дәл осы күндері қаланың барлық аудандарында көшелер, аула аймақтары, көпшілік орындар, арық желілері, өзен арналары мен жағалаулары санитарлық тазалықтан өтеді.

Бұрындары «Jasyl meken» акция барысында Әл-Фараби даңғылының бойындағы бөлу жолақтарына 800 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған еді. 1975 жылдың сәуірінен бастап мұнда 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылған болатын, солардың тек үшеуі - талшын, қарағай және шырша тамыр жайды. Сондықтан осы ағаш түрлерін ғана отырғызу жөнінде шешім қабылданды.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы барлық алматылықтарды жалпықалалық «Jasyl Meken» акциясына қатысуға және өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырады.