
Алматы тұрғындарының 6 сәуірдегі өтініштеріне жауап ретінде мынаны хабарлаймыз, Есентай өзенінің арнасын тұрақтандыру үшін жағалаудың су шайып, бүлінген учаскелеріне бетон төсемін тартылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сол күні «Қазселденқорғау» ММ мамандары нысанды тексеріп, әл-Фараби даңғылынан төмен 1 барражда каскадтың тік диафрагмасында қалыңдығы шамамен 2-3 см жарықшақтың пайда болғанын анықтады.
Соның салдарынан техникалық жолдың топырағы жарықшаққа ағып кетіп, эрозияға ұшыраған.
Барлық тиісті жұмыстар толық көлемде жүргізілді.