Мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша қала мәслихатының XVI сессиясы өтті. Нақтылау өткен жылдан 48,9 млрд теңге сомасындағы қолда бар бос қаржы қалдықтары есебінен жүргізілуде.
Отырыс барысында қала әкімі Ерболат Досаев бұл қаржы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыруға бағытталатынын атап өтті.
Президент Қ.К. Тоқаев жариялаған Балалар жылы аясында мемлекеттік мектептерде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Балаларға арналған спорт үйірмелерін жан басына қаржыландыру 1,7 млрд.теңгеден 3,2 млрд. теңгеге дейін едәуір ұлғаяды.
Ағымдағы жылы қосымша 5 мектеп оқу корпусының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалақысын ұлғайту жоспарлануда.
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту үшін жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДСК) жобалау және Түрксіб ауданындағы «Авиатор» стадионын қайта жаңарту жоспарлануда. Ағымдағы жылы Жас Қанат, Алатау және Айнабұлақ-2 шағын аудандарында 3 ДСК-ның құрылысы аяқталады.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары кеңейтіледі. Almaty Business бағдарламасы аясында қосымша қаржыландыру қарастырылуда. Алматы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге жылдық 5% және 7% жеңілдікпен несие беру үшін тепе-теңдік негізде 1,5 млрд теңге бөледі.
24 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ету мақсатында Кеңсай шағын ауданында сумен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда, сондай-ақ «Думан» шағын ауданындағы су резервуарларын, су құбыры желілерін және сорғы станциясын қайта жаңартылады.
Бұрын әл-Фараби даңғылын (ШААЖ-ын Саин көшесіне дейін) орташа жөндеуге жоспарланған қаражат Тастыбұлақ, 14-аумақ шағын аудандандары мен Шаңырақ-1 шағын ауданындағы Өтемісұлы көшесінің жолдарын жөндеуге бағытталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың құқық қорғау органдары мен Азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарға 3 050 сыртқы бақылау камераларын орнату қосымша жоспарлануда.
Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін мәслихат Алматы қаласын басқару құрылымының жобасын да бекітті.
Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманы бөлу жолымен қайта ұйымдастырылатын болады.
Бюджеттік жоспарлау мен экономикалық даму тиімділігін арттыру мақсатында Стратегия және бюджет басқармасы Қаржы басқармасы мен Экономика басқармасына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Алматының жастар қаласы болып табылатынын және мегаполисте көптеген жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары мен колледждер шоғырланғанын ескере отырып, Креативті индустрия басқармасы Жастар саясаты басқармасы болып қайта құрылды.