Алматыға Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтармен ұшақ келіп қонды

Алматыға Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтармен ұшақ келіп қонды

28 Ақпанда 22 сағат 35 минутта Алматының халықаралық әуежайына
Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Украинадан
эвакуацияланған Қазақстан азаматтарымен ұшып келді. Ұшақ Польшаның
Катовице қаласынан ұшып шыққан болатын.


Әуежайда келген жолаушыларға жедел көмек көрсету қажет болған
жағдайда медициналық мамандар кезекшілік етті.
Эвакуацияланған қазақстандықтар үшін Алматы әкімдігі күніне үш рет
тамақтанатын ыңғайлы қонақ үйге трансфер және орналастыру
ұйымдастырды. Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-
жақты қолдау көрсетіледі.
Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың
қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын.
Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан тағы да бір репатриациялық
рейс келеді деп күтілуде.