
Алматы әкімдігінде аталып өткендей, мемлекеттік тапсырыс туралы заңнамаға енгізілген өзгеріс мемлекеттік сатып алудағы сыбайластықты азайтудың ұтымды құралы болуда. 2017 жылмен салыстырғанда 4 айдың ішінде алматылық мемлекеттік органда бір көзден сатып алу 6 есе, 2018 жылмен салыстырғанда 8,5 есе қысқарды қазіргі кезде олардың үлесі небәрі 6,6%.
Бір көзден сатып алудың ашықтығы мен қысқаруы нәтижесінде Алматыда экономика тек өткен жылдың өзінде ғана 3,8 ден 5,3%-ға дейін өсті. 2017 жылмен салыстырғанда 4 айдың ішінде экономия өсімі 6,2 млрд. теңгені құрады.
Айта кетерлігі, жылдың басында әкімдікте жүзеге асқан трансформация бойынша қалада мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде Алматы Мемлекеттік активтер басқармасы аталды.
Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алудың 70%-ы бәсекелестік ортада іске асуда, олар - әлеуметтік обьектілерді (мектептер, ауруханалар, емханалар), жолдарды салу, көшелерді, парктерді, аулаларды абаттандыру, нысандарға техникалық қызмет көрсету және басқалары. Сатып алудың 28%-ы тікелей келісім бойынша бір көз арқылы іске асады. Олардың тең жартысын коммуналды төлем құрайды. Үштен бірі - бала бақшаларда, колледждерде, оқушылардың үйлерінде, спорт және жеке мектептерде (жан басын қаржыландыру) оқытуға ақы төлеудің мемлекеттік білім тапсырысы.
«Бұрындары әлеуетті жеткізушілер контракт алу үшін бағаны негізсіз («демпинг» деп аталады) төмендететін, соның салдарынан келісімдердің дұрыс орындалмайтын. Мысалы, техникалық бақылау бойынша қызметті сатып алудың 90%-ы демпинг арқылы жасалып, 30-дан 99,9%-ға дейін жетті. Контракт бағасы небәрі 10 теңге болған оқиғалар да кездесті. Бұл тасымалдаушының келісімде көрсетілген жұмыстарды орындай алмағанын көрсетті. Жұмыс тоқтап, сапасыз қызмет көрсетілді», - деді Алматы әкімдігінде.
Қазіргі кезде әлеуетті тасымалдаушылардың мұндай практикамен айналысуына жол берілмейді. Демек, олардың арасында іріктеу болады. Тағы бір атап өтерлік жайт, мемлекеттік сатып алу бойынша әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.
Еске салсақ, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын.
«Бүгінде 25 мың ұйым мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Бұл жемқорлыққа қарсы бақылауды қиындатады. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырып, әсіресе әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме басшыларын бұл міндеттен босату керек», - деп атап өтті ел Президенті.