
«Дәріхана роботы» - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба, оның көмегімен онкология сырқатына шалдыққандарға қымбат дәрілер берлетін болады. Дәрігердің рецептінен бастап пациентке препаратты бергенге дейінгі барлық процедура жүйеленген және автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі. Препарат алатын пациенттің келбеті немесе саусақ іздері сәйкес болуы тиіс. Бұдан соң жеке электронды карта жасалады және дәрігер жазған препарат беріледі.
«Бұл жоба жемқорлықты азайтады және дәрі-дәрмекке бақылауды барынша күшейтеді, дәрілердің сақталу шарттарын қамтамасыз етіп, пациент пен медицина қызметкерінің тікелей жүздесуіне жол бермейді», - деді «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалы офисінің басшысы Александр Братенков.
Алматы онкология орталығын аралаған Бауыржан Байбек іске қосылған жаңа радиологиялық корпуста да болды. Егер бұрындары мекеме хирургия мен химия терапия бойынша ғана медициналық көмек көрсетіп келсе, енді радиологиялық корпустың арқасында сәулелі әдіспен емдеу қолға алынды.

