
Алматы қаласында 9 ақпан күні сағат 12.00-де қар жауа бастады. Сағат 18.00-де қалада 10 см, тау бөктері мен таулы аудандарда 15 см қар жауды.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 450 тонна пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Қарды сыпыру жұмыстары жүргізілуде.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 159 текше метр қар шығарылды.
621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1532 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жауады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы -4...-6. Тұман, көктайғақ болады.
Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы