«Барыс» «Спартак» және «Трактормен» сайысады

«Барыс» «Спартак» және «Трактормен» сайысады

Ағымдағы жыл«Барыс» үшін мерейлі,26 қарашадаклуб өзінің құрылғанының 20 жылдығын атап өтеді және осыған орай бірқатар шаралар дайындауда. Алматыда КХЛ чемпионатының екі матчын өткізеді.

«Бұл Қала күнін мерекелеу аясында Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы сыйлық болмақ. «Барыс» матчтарды және қосалқы шараларды ұйымдастыруда қолдау мен көмек көрсеткен қала әкімдігі мен көпфункционалды «AlmatyArena» мұз кешеніне алғыс білдіреді», - деп атап өтті А. Әлшеров.

Матчтар 17 және 20 қыркүйекте, сағат 19:30-да өтеді. Сейсенбі күні «Барыс» мәскеулік «Спартак» клубымен, жұмада челябинскілік «Трактормен» ойнайды.