Алматы әкімі қала көшелерін реконструкциялаудың дайындық қарқынын тексерді

Алматы әкімі қала көшелерін реконструкциялаудың дайындық қарқынын тексерді

Жоғарыда аталған көшелерде жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы жарық көздері, көше жиһазы, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері және басқалары пайда болады. Жасылдандыру мен бұрынғы бар ағаштарды сақтай отырып, жаңаларын отырғызу жоспарланған, суарудың автоматты жүйесі тартылады.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңістікті модернизациялаудың барлық жұмыстары қала тұрғындарына мейлінше аз жайсыздық тудыруы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін құрылыс жұмыстарын кезеңмен жүргізіп, арнайы қоршаулар және жүргінші траптарын қарастыру қажет.

«Егер алғашқы жылы құрылыс материалдары кейбір позициялар бойынша шетелден сатып алынса, қазіргі кезде алматылық кәсіпорындар құрылыс материалдары мен кеспе тастар шығаратын өз өндірістерін ретке келтірді. Ал бұл жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, қала бюджетіне салық түсімін ұлғайтуда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қала тұрғындарының жалпы талқылауынан өткен «Алматы-2020» даму Бағдарламасы аясында мегаполисте қаланың тарихи орталығының 60%-ы жаңарды, 600-ге жуық көше, 1400-тан астам ескі аулалар жөнделді. Көше жарықтарының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық, 2000 км инженерлік желілер тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы тағы да 600 ауланы жаңарту жоспарланған, яғни қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50%-ы қамтылады. 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қаланың 14 ықшам ауданында 456-дан астам жаңа жолдар салынады. Қаланың шетінде орналасқан саябақ, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында жаңа LED-шамдары қаланың 120-дан астам көшесіне қосымша орнатылады.