Бағдаршам орнатудан бастап, жолды жөндеуге дейін: тұрғындар мәселесін шешу

Бағдаршам орнатудан бастап, жолды жөндеуге дейін: тұрғындар мәселесін шешу

Мысалы, Нұркент ықшам ауданы мен Қожабеков көшесінің бойына жаяу өтпелі жол жасалды, ал ҮАК мен мен Шапағат елді мекеніндегі Жансүгіров көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды, Атлеттер ауылына 2 шектеу белгісі қойылды.

Зерделі ықшам ауданында жауын люктары жабылды, шөптер шабылды, көше жарығы орнатылды, көлік бекеттеріне пандустар жасалып, жылу жүйесінің жұмысы реттелді.

Алғабас елді мекеніндегі қаңғыбас иттерге , Қалампыр көшесіндегі қоқысқа қатысты мәселелер шешілді.Томирис, Дархан, Ұлжан-1, АЗТМ ықшам аудандары мен Стрелец көшесіне су және кәріз желілерін салу жұмыстары аяқталды. Нұркент ықшам ауданында жолдар мен тротуарлар қалпына келтірілді.

Жалпы, қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде айтылған 161 сұрақтың 36-ы толық шешілді, 82-сі бойынша жұмыстар жасалуда, 26-ы қосымша зерттеуді қажет етеді. 17 сұраққа түсіндірме берілді. Тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстар жалғасуда.