
Суды кедергісіз ағызу және сорып алу үшін құрамында 192 адам, 81 бірліктегі арнайы техника, 22 мотопомпылар қарқынды жұмыс жасады.
Тоқтаусыз жауған жаңбырдың және желдің күшеюі салдарынан арықтар сынған бұтақтарға және кездейсоқ қоқыстарға толып кетті, сол себепті жекелеген учаскелерді су басып қалды. Қазіргі кезде арық желілер мен өтпелі жолдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.
Су басып қалған 10 учаске қалпына келтірілді.
Алатау ауданындағы Даулетқалиев, 4/6; Магадан, 72 Б, сонымен қатар Сухэ батыр, 24 көшелерінің бойы судан тазартылды. Су басып қалды деген 24 ақпарат жалған болып шықты.
Әуезов ауданынындағы Жандосов, 134 көшесінің бойы да қалпына келтірілді.
Бостандық ауданындағы Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі үйдің айналасындағы жиналған су жойылды және Радостовец, 183 көшесіндегі арық желілері тазартылды.
Жетісу ауданында Алматы қаласының құтқару қызметінің күшімен және «Гаумер А-Строй» ЖШС, «Қала Көркейту» ЖШС, «КОГ-5» АУПП ОО бірге Боткин 14, Крылов 37, Жангелдин 212, Зубарев 6 көшелерін су басып қалу қаупі жойылды.





