
Депуттар алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке қаланы дамыту және халықтың барынша өткір мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.
Мысалы, 2 млрд. теңге метроның «Сарыарқа» және «Достық» атты 2 бекеттерін салуға инвестицияланады, соның арқасында жолаушылар ағыны екі есе өсіп, 12 ықшам аудан тұрғындары үшін метро қолжетімді болады. Сейфуллин-Жансүгіров, Рысқұлов-Емцов көшелерінің бойына жолайрықтарын салу және Абай даңғылын үңгілеу үшін жер учаскелерін сатып алуға 6 млрд. теңге жұмсалады, 2017-2018 жылдардың сот шешімі бола тұра бұл мәселелені одан әрі созу меншік иелері арасында ерекше әлеуметтік шиеленісті тудырады.
Елбасы тапсырмасын орындаудағы тағы бір өзекті мәселе қалаға қосылған елді мекендерді дамыту. Алатау ауданындағы 10 ықшам ауданның жолдарын салуды аяқтауға 5,1 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі кезде Саялы, Алғабас-АЗТМ, Ақбұлақ, Көкқайнар, Ұлжан-2, Қарасу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жергілікті бюджеттің 8,6 млрд. теңгесі оңтайландырылды және өткір мәселелерді шешуге бағытталды. Қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қосымша 2 млрд. теңге бөлеміз. Оның үстіне, биыл республикалық бюджет есебінен аз қамтылған отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйлер - екі бөлмелі 99 пәтер және жастар үшін бір бөлмелі 320 пәтер алынады», - деді Бауыржан Байбек.
Айта кетерлігі, қалада «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді тұрғын үй салу қарқынды жүруде, ол бюджет және жекешелер есебі арқылы атқарылуда, мемлекеттік қорда бос жатқан жер учаскесі қалған жоқ. Сондықтан жалпы алаңы 22 гектар болатын жерге 5 мың пәтер салу үшін Жас қанат ықшам ауданынан жер учаскелері сатып алынуы тиіс.
«Жергілікті бюджет есебінен бұл үйлерге 1,5 млрд. теңгеге инженерлік желілер жүргізіледі, нәтижесінде үйлер арзандайды. Ал бұл қолжетімді баспана салу үшін 38 млрд. теңге жеке инвестицияны тартуға мүмкіндік береді, яғни меминвестицияның 1 теңгесіне жекешенің 25 теңгесінен келеді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Бұдан өзге, білім нысандарын дамытуға айрықша назар аударылады. Алматыда бұл саланы қаржыландыру 5 жыл ішінде 2 есе өсті, қалалық бюджеттің 20% немесе 100 млрд. теңгені құрайды. Үш жыл ішінде 12 мектеп ашылды. Биылғы жылы 900 орынды мектеп құрылысы аяқталады.
Дегенмен, мектептердің басым көпшілігі оқушыға толып кеткен. Мұндай жағдай қала шетіндегі мектептерде орын алған. Сондықтан Алатау және Наурызбай аудандарында орналасқан №164 және 61-ші мектептердің жанынан қосалқы нысандар салуға қаржы бөлінеді, сөйтіп олардың қуаты екі есеге артады. Мемлекеттік 17 бала бақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қалада арық желілерін жөндеу және қайта жасау жұмыстары қарқын алған. Мемлекет басшысының су басып қалу мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, салынып жатқан 49,5 км желімен бірге қаланың сегіз ауданындағы жұмыс істеп тұрған барлық арықтар ағымдағы жөндеуден өтеді.
«Тек үш жыл ішінде ғана 465 км жол жөнделді. Тұрғындардың өтініші бойынша ұзындығы 7 км болатын әрі қозғалысы тығыз бес жолға - Құлжа трактісі Рысқұлов даңғылынан Бұхтырма көшесіне дейін, Шолохов көшесі Ержанов көшесінен Сүйінбай көшесіне дейін және басқаларына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлеміз. Бұларды біз оңтайландыру есебінен қаржыландырамыз. Тағы бір табыс көзі - құқық бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар. Бұл туралы пікірталасты жиі естимін. Аталған шара апаттың алдын алуда, ал түскен қаржы қаланы дамытуға жұмсалуда. Мысалы, әкімшілік айыппұлдан түскен 2,4 млрд. теңгенің арқасында ардагерлерге берілетін бірреттік төлемді бұрынғы хабарланған 250 ден 500 мың теңгеге ұлғайттық, атаулы әлеуметтік көмектің көлемін арттырдық, ауыр және сирек кездесетін дертке шалдыққан 1 мыңнан астам сырқат жыл аяғына дейін дәрілермен қамтамасыз етіледі», - деді Бауыржан Байбек.
Мегаполис әкімі экология мәселесі ең өзекті екенін айтты. Биылғы жазда пилот ретінде Жетісу ауданының барлық жасыл желегі биопрепараттармен өңделеді, кеміргіштер мен зиянкестерге химиялық жолмен санитарлық өңдеу жүргізу тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, әлемдік практикаға сәйкес әрбір 2 км жерге ауаның ластануын анықтайтын 350 есептегіш орнатылады. Бұл Алматы экологиясы туралы нақты мәлімет алуға және кімнің ауа бассейнін көп ластайтынын білуге және тиісті шара қолдануға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлімнің нөлдік «Vision Zero» концепциясын іске асыру үшін 368 млн. теңге бөлу жоспарланған. Басты мақсат ЖКО қаза тапқандар санын 2021 жылға дейін 25%-ға қысқарту.
«Барынша сапалы әкімшілік шараларын жүргізу және қаланы дамыту барысында соңғы бес жыл ішінде жергілікті бюджет кірісі 1,6 есе өсті, сол кезеңде шығыс 1,3 есе артты. Бюджет шығыстары «Алматы-2020» бағыттарына және нәтижеге негізделген бюджет принциптеріне толық жауап береді. Қолдау көлемі, атаулы көмек деңгейі, бюджет ашық болуда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұлғаюда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Егер 2014-2015 жылдары ірі жобалар, оның ішінде жолайрықтарын салу барлық бюджеттің 35%-ын құраса, қазіргі кезде бюджет мультипликативті ықпалы бар қала мен оның шет аймағын толық қамтитын шағын жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Мысалы, 5 жыл ішінде абаттандыруға бөлінген қаржы 4 есе өсіп, 40%-ды құрады. Қаланың барлық аудандарындағы аулалардың үштен бірі жаңарды. Биылғы жылы тағы 638 аула жөнделеді. Қала аулаларының тең жартысы жаңарады, мұнымен әрбір екінші аула, әрбір үшінші тұрғын қамтылады. Қалаға қосылған 14 елді мекенде 124 км жаңа жол салынуда, бұл бұрынғы үш жылмен салыстырғанда 2,6 есеге көп. Тек 2018 жылы 42 км астам жаңа арық желісі салынды, биылғы жылы тағы 49,5 км.салынатын болады.
Дегенмен, қала бюджеті өзінің әлеуметтік бағыты сақтауда, қаржының тең жартысы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға жұмсалуда, зәру жандарға көрсетілетін атаулы көмек күшейтілуде. Бүгінгі күні бюджет қалалықтар пікірін ескере отырып жасалуда. Кері байланыс жүйесі ретке қойылуда. Бюджет ашықтығын қамтамасыз ету үшін әр ауданның тұрғындарының ырқына өздері жұсау үшін жарты миллиард теңгеден бөлу жөнінде «Бюджетке қатысу» пилотты жобасын іске асыру жоспарлануда.