
Негізінен сұрақтар тұрғын үй-коммуналдық сала, жер қатынастары, жол–көлік және инженерлік құрылым бойынша қойылды.
«Шетсіз қала» бағдарламасы аясында аудан әкіміне 17 тапсырма берілді, олардың 4-ін аудандық әкімдік (№27, 118 автобустар қатынасы бойынша – бағыттар ұзарды, су желілері тартылды, Шұғыла ықшам ауданындағы балалар алаңдары жөнделді) орындады, 4 сұрақ қаланың басқармаларымен бірге (Шұғыла ықшам ауданын газбен, энергиямен жабдықтау) шешімін тапты, 8 сұрақ бойынша қала басқармаларымен жұмыстар жүруде. Қаланың Полиция департаментімен бірге ауданда қауіпсіздік күшейтілуде.
Тұрғындармен кездесу кезінде 41 сұрақ қойылды, олар:
7 - коммуналдық проблемалар бойынша,
11 – көлік қатынасы бойынша,
5 – жер учаскесі бойынша,
9 - әлеуметтік-медициналық қызмет бойынша,
3 – спорт – мәдени объектілер бойынша.
Бүгінгі күні 4 сұрақ шешілді, 13-ін қыркүйектің соңына дейін шешу жоспарланған, қалған 24 сұрақ қала басқармаларымен бірге шешімін табатын болады.