Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.

«Алматы челленджді Нұр-Сұлтаннан қабылдады.Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», - деді Р. Байсейітов.

Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшыҚанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», - деп атап өтті Қ. Ислам.

Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте, таңғы сағат 10-00-де басталады.

Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді:

- Streetball 3*3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары)

- Workout (freestyle және base wars)

- Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)

- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. BMX Freestyle Show

- Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)

 

8 қыркүйек Супер финалдар өтеді.

Басталуы күндізгі сағат 12.00 Аяқталуы - 19:00

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30.

8 қыркүйекте концерт болады, басталуы сағат 20:00.

Жүргізуші - Ілияс Ибраимов Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:

WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер

- Graffiti и Street art от Repas Workshop

- Қалалық тақырыптық квест

- Karaoke-Battle

- Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік класстары

- балалардың белсенділігі.