Алматыда барлық автобус маршруттары іске қосылады

Алматыда барлық автобус маршруттары іске қосылады

12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады.  Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін,  ал қала маңы маршруттары сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минутты құрайды.