
Әкімнің сөзі бойынша, мемқызметкерлер қоғам талабына сай тұрғындар үшін қолжетімді және ашық болулары тиіс. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшылары ашық есік күндерін және арнайы орынға шыға отырып, тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп тұрады.
Барлық аудандық әкімдіктер мен әкімдер әлеуметтік желілерде аккаунттарын ашты.
Өтініштерді қабылдауды жүйелеу және оңайлату үшін қала әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді.
Осы кері байланыс арналары арқылы мегаполистің әрбір тұрғыны өтініш беріп, кеңес сұрай алады, толғандыратын мәселелерін тікелей шешуге мүмкіндігі бар.