
Б. Сағынтаев өзінің сөзінде Конституцияның тікелей ықпал ететін құжат ретінде мемлекет пен еліміздің егемендігін нығайтқанын айтты.
«Қазақстан бүгінде қалыптасқан, әлемдік құрметке ие болған және соған әбден лайық мемлекет. Бұл біздің Ата Заңымыздың және еліміздің даму векторының дұрыстығының айқын дәлелі», - деп атап өтті қала әкімі.
Елбасының 1995 жылы қабылдаған заң күші бар 147 Жарлығы елдегі жағдайды нарықтық қатынастардың пайдасына бұрып, шын мәнінде Н.Ә. Назарбаев әзірлеген Қазақстанды жаңғыртудың алғашқы табысты тәжірибесіне айналды.
Б. Сағынтаев мемлекеттік құрылымының барлық жүйесінің түбегейлі өзгергенін атап өтті. Дәл осы 1995 жылы саяси жүйе мақсатты түрде жаңартылды. Конституция қабылданғаннан кейін қоғамда жаңадан ҮЕҰ, тәуелсіз БАҚ азаматтық секторды және партияны дамыту үшін қолайлы жағдай туындады. Елбасының бастамасы бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өмірге келді.
Конституцияда барлық қазақстандықтардың ортақ құндылықтары нақты көрсетілген. Азаматтарды жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне және кез- келген басқа да белгілеріне қарай кемсітуге қатаң тыйым салу негізінде елімізде бүкіл халықтың татулығы, тұрақтылығы мен келісімі қамтамасыз етілуде.