
Өзінің сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев 1995 жылы еліміздің Ата Заңын қабылдау –өте күрделі саяси жағдайда халықтың тарихи тағдырын таңдау болғанын атап өтті. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен еліміздің мемлекеттік дамудың жаңа тарихи кезеңіне жасаған бетбұрыс қадамы еді.
Тарих бізге барлық дамыған мемлекеттер үшін табыстың негізгі құрамдас бөлігі – саяси көшбасшылық пен саяси еркіндік екендігін көрсетеді.
«Елбасы – Қазақстанның қазіргі конституциялық құрылымының негізін қалаушы»,- деді Б. Сағынтаев.