Алматыда №7 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда №7 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Бүгін төмен еденді Yutong маркалы Евро-5 экологиялық сыныптағы автобустар №7 бағыт бойынша жолға шықты. Олар видеобақылау камераларымен, жолаушылардың қимылы шектеулі топтары үшін пандустармен және басқаларымен қамтамасыз етілген.

Алматының автобус паркі жыл аяғына дейін 100%-ға дейін жаңарады.

Таяуда тағы 500 автобус алынады, олардың 200-і газбен жүреді және 60 «гармошкалы» көлік. Қала әкімі тұрғындардың өтінішін ескере отырып, ең алдымен 38 және 48 бағыттарды жаңартуды тапсырды.

Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігі енгізілуде. Ол үшін электробустардың үшінші буынын шығаратын қазақстандық-германдық-гонконгтік зауыт пен 300 орынды автобус паркі салынды. «made in Almaty» көліктерінің алғашқы ондығы енді бірнеше күндерден соң бағыттар бойынша жүретін болады.

Бұдан өзге, троллейбустың байланыс желісін жаңартудың ЖСҚ жасалды. Жаздың соңына дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен бекет кешендеріне тағы 50 электронды табло орнатылады.

Жалпы, 3 жыл ішінде Алматының автобус паркі 80%-ға жаңарды, 1113 жаңа автобустар сатып алынды. Бұған қаржыны көлеңкелі айналымнан шығаруға ықпал еткен «Оңай» жүйесі арқылы қолжетті. Қазіргі кезде барлық транзакцияның 97%-ы қолма-қол ақысыз жүруде.

Еліміздегі алғашқы BRT желісі жүзеге асты, каршэринг және велопрокат қызметі енгізілді. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, жеңіл рельсті LRT трамвай жобасы қолға алынуда.