Наурызбай ауданында мектептер мен балабақшалар қарқынды салынуда

Наурызбай ауданында мектептер мен балабақшалар қарқынды салынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мектептер мен балабақшалардың құрылысы бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы айтып берді.


Аудан әкімі қазіргі уақытта Қалқаман шағын ауданында 1 800 орындық мектептің құрылысы жүріп жатқанын, жұмыстар ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатынын хабарлады. Мұнда 1 500 орындық мектеп салынуда, оны 2022 жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ақжар шағын ауданындағы № 186 мектептің жанындағы қосалқы нысанның құрылысы аяқталуда.


- Сондай-ақ Қарғалы шағын ауданында «Зерде» жеке мектебі салынуда. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 2 тоқсаны. № 7 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің құрылысы жүріп жатыр, - деді Санжар Тоғай. - Бұдан басқа, Шұғыла шағын ауданындағы № 36 қалалық емханада модульдік КТ-орталығын орнату басталды. Ал 16 нысанда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Наурызбай ауданының әкімі мектептер мен балабақшалардың құрылысы бойынша жоспарланған жобалар туралы да айтып берді. Оның айтуынша, Шұғыла шағын ауданында екі мектеп салынады – Алма сити-5 ТК аумағында – 1 200 орындық, ал «Нұрлы дала» ТҮК аумағында – 1 500 орындық. Осы шағын ауданда 320 орынды балабақша құрылысы жоспарлануда.

- Құрамыс шағын ауданындағы жер учаскесінде 1 200 орындық мектеп салу жоспарланған. Қазірдің өзінде ЖСҚ-ны әзірлеу басталды. Сол шағын ауданда 320 орынды балабақша бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, - деді аудан әкімі.

Ақжар шағын ауданында (320 орынды) және Қалқаман шағын ауданында (240 орындық) балабақшалар салу жоспарлануда. Әкімдік сондай-ақ №15 санаторлық-мектеп интернатын қайта жаңарту және 300 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мектеп аумағында 120 орындық балабақша құрылысы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың II тоқсанына жоспарланған.