Алматы қаласында 2021 жылғы 18 қарашада қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 2021 жылғы 18 қарашада қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 17 қарашада сағат 14.40-тан бастап қар жауа бастады.


18 қараша сағат 00.00-де таулы аудандарға 20 см, тау бөктеріне 10-15 см, қалаға 5-7 см қар түсті.

Қар жауа салысымен 191 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде.

2 100 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Қарды сыпыру, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың жоғарғы бөлігінде полицияның патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылған. Сағат 21.00-ден бастап қар шығарылуда. 230 текше метр қар шығарылды.

Түнгі кезеңде 491 бірлік арнайы техника, оның ішінде 183 құмшашқыш және 423 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

18 қараша күні таңертең 554 арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысын шығару жоспарланған.

Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қардың жаууы 18 қараша күні таңертеңге дейін аяқталады. Ауа температурасы түнде минус 2, минус 4 градус, 18 қараша күндіз – 0, минус 2.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы