Алматылық құтқарушылар "Мектепке жол" акциясына қатысуда

Алматылық құтқарушылар "Мектепке жол" акциясына қатысуда

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімдігі биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясын . Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

«Жанұя» Мамандандырылған кешені республикадағы ең ірі кешен болып табылады. Балалар үйінде әртүрлі созылмалы дертке шалдыққан 511 бала оқиды және тұрады, олардың 74-і жетімдер.

Балалар үйінде жылы ахуал қалыптасқанын және тәрбиешілердің қамқорлығын атап өткен жөн. Педагогтардың күш-жігерінің арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілері Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауында, сондай-ақ Марат Оспанов атындағы «Қоғамдық қордың» балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болған.