Қала басшысы Алматыны дамыту жоспарымен бөлісті

Қала басшысы Алматыны дамыту жоспарымен бөлісті

Кездесу кезінде қала басшысы «Жаңа Алматы» бағдарламасыбойынша мегаполисті дамытудың жоспарларымен бөлісті: аудандажаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс жасайтын жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбустар саны артады.

Қала әкімі түйткіл мәселені көтерді, автобус жүргізушілері біліктілігінің төмен екенін атап өтті.

Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселенің бірі. Оны шешу үшін биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап жастарды жаңа кәсіптерге баулу жоспарланған.

«Тұрғындар проблемаларын біртіндеп шешетін боламыз. Күрделілігіне қарай», - деп атап өтті әкім.

Қала басшысы балалар мен жастарға қатысты объектілерді модернизациялауды ұсынды, олар: кітапханалар, спорт алаңдары әрі әр ауданда оқушылар сарайларын ашу қажет.

Кездесуге қатысқандардың басым көпшілігі жеке өздеріне әрі жалпы ауданға қатысты проблемаларды көтерді. Б. Сағынтаев оларды мұқият тыңдап, тиісті ведомстваларға тапсырмалар берді.