
Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды.
Саяси Кеңесте Б. Сағынтаев азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диалогын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы арқылы халықтың өзекті мәселелерін шешу қажет.
"Бізде "Бақытты отбасы – Алматы " қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып "Мобильді халыққа көмек" жобасын іске қостық.
Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Жиында АҚФ төрағасы Б.Сағынтаев төмендегідей шешім қабылдады:
Іс-шараға Алматы қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.



