
Шағын әрі өте тартымды сквер 2007 жылы Ганди мен Желтоқсан көшелерінің бұрышына салынып, алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Қала тұрғындары мұнда балаларымен келеді, көкте кішігірім отырыстар мен той фотосессияларын өткізеді.
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша ертеңнен бастап ұзындығы 556 метр болатын қоршау сүріледі. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Қала әкімдігі сквердегі орындықтар мен урналарды жаңартады, ескірген кеспе тастар ауыстырылады, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Классикалық стильде жасалған қоршаулар «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы мен №23 мектептің ескі қоршауларын алмастырады.
Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде қалада 150 км астам қоршау алынды. Қазіргі кезде 146 саябақтар мен скверлердің 85-і жасылдандырылды және абаттандырылды. Биылғы жылы 2 саябақты, 5 сквер мен 5 жасыл аймақты реконструкциялау жоспарланған



