
Курсқа қатысуға ниет білдіргендерді тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз- орталығында журналистермен болған брифинг кезінде «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының директоры айтты. Брифингке «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының басшысы да қатысты.
2018 жылы «Бастау» жобасы аясында республикада 28 мың адам оқыды, оның ішінде 19,5 мың адам (60%) бизнес-жобаларды қорғады. Жобаларын жүзеге асыру үшін 8 мың адам шағын несие алды. Курсты тәмамдаған тыңдаушылар 16 759 тең стипендия, өз жобасының бизнес-жоспарын, курсқа қатысқаны немесе оны аяқтағаны туралы сертификат алады, сонымен қатар, 505000 теңге көлемінде грант, жылдық мөлшерлемесі 6% болатын 20 200000-ға дейін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар.
«2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан «Атамекен» «Бастау» аясында тек қана жастарды кәсіпкерлікке баулуға арналған «Жас кәсіпкер»жобасын бастады», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.
Еске салсақ, Алматыда шілденің аяғында «Жас кәсіпкер» жобасы қолға алынды, оның аясында 18-29 жасқа дейінгі жастар бизнес негіздерін тегін оқыды. 822 адам бірінші потокта дәріс алды, енді екінші потоктағыларды оқыту басталады. Бұлардан өзге, «Бастау» жобасы аясында жоспарлы түрде білім алатын 15 мың село жастарымен бірге қалаға келіп, жұмыссыз жүрген 40 мың ауыл жастары да қамтылады.
«Алматыда желтоқсанға дейін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2650 жасты, «Бастау» бойынша 6400 адамды оқытуды жоспарлаудамыз», - деді Алматыдағы «Бастау» және «Жас кәсіпкер жобаларының басшысы Қуанышбек Ерниязов. «Айта кетерлігі, Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға ықпал етуде, қазіргі кезде оңтүстік астанада 8 мобильді орталықтар жұмыс істейді, осылар арқылы бизнес-курстарға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қысқа курстарына жазылып, жұмыс орнын таңдауға болады. Жақында жұмыссыздар мен жастар көп жүретін базарлар мен вокзалдар маңынан осындай тағы 4 орталық ашылады.Түрлі 50-ге жуық мамандық ұсынылады.
«Бастау» және «Жас Касiпкер» жобаларының курстарына жазылуға болады», - деді Нариман Әбілшайықов.

