Алматыда #TazaAlmaty экоакциясының екінші кезеңі өтті

Алматыда #TazaAlmaty экоакциясының екінші кезеңі өтті

Челлендж #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияны қолдау мақсатында өтті.

Акцияның мақсаты - өскелең ұрпақты экологияға тәрбиелеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және экология мәселесіне қоғамның назарын аударту болып табылады.

Алма-Арасан мен Аюсай шатқалында өткен экоакцияға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Бұл күні экоакция қаланың барлық аудандарында өтті. Акцияға барлық сегіз аудан әкімдіктері мен басқармалардың қызметкерлері, Еріктілер лигасы, "Жасыл Ел", ҮЕҰ мүшелері, мәдениет және спорт салаларының өкілдері қатысты.

Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, жалпы бүгінгі акцияға 1,5 мың адам қатысты. Барлығы сегіз тоннадан астам қоқыс шығарылды. 6 бірлік арнайы техника, сондай-ақ 35 автобус жұмылдырылды.