Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

БАҚ-тағы хабарламаларға қатысты нақтылы түсінік берсек, расында да бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов мегаполис әкіміне өзін қызметінен босату туралы өтініш берген болатын. Қазіргі кезде процедуралық мәселелердің шешіліп жатқанын хабарлаймыз.

Е. Әукенов қала әкімінің орынбасары лауазымында екі рет болды – 2015-2017 жылдары және 2018 жылдың қыркүйегінен бастап.