Қала әкімінің тапсырмасы орындалуда: медицина бір қадам жақын

Қала әкімінің тапсырмасы орындалуда: медицина бір қадам жақын

Еске салсақ, Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездескен кезде медицина бір қадам жақын болуы тиіс екенін атап өткен еді.

Дәрігерлік амбулатория 6358 тұрғыны бар ықшамауданға медициналық қызмет көрсетеді, олардың 5846-ның жасы 6-дан жоғары қарай және 6 жасқа дейінгі 512 бала бар.

Мұнда жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттері жұмыс жасайды, 9 төсектік күндізгі стационар, процедуралық кабинет қызмет көрсетеді.

Амбулаторияға келгендер мынадай медициналық қызметтерді алады:

-        жалпы практика дәрігері мен медбикенің кеңесі;

-        күндізгі стационарда емделу;

-        бұлшық еттерге инъекция;

-        сараптамалар, қанның жалпы сараптамасы және басқалары.

Медқызметтер тегін медициналық көмектің кепілдемелі көлемі аясында атқарылады. Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарына №5 емхананың шектеулі мамандары аптасына бір рет келіп қабылдау жүргізеді деп жоспарланған.