«Технологияларды біріктіре, оқушыларды шабыттандыру»: Алматыда ең үздік жаңашыл-ұстаз таңдалады

«Технологияларды біріктіре, оқушыларды шабыттандыру»: Алматыда ең үздік жаңашыл-ұстаз таңдалады

Алматы қаласы Әкімі Бақытжан Сағынтаев «Digital Ustaz Almaty» байқауына бастау берді.

Оқытуда цифрлық технологияларды және медианы қолданатын 30 үздік ұстаздар, Еуропаға тағылымдамадан өтуге жолдама үшін алысады.

Алматы озық білім беру технологияларының хабына айналуға дайындалуда, ал ұстаздар инновацияны, цифрлық технологияны батыл қолдануға және заманауи контент құруға шақырылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әкімнің қалаға және Алматы қаласының ұстаздарына сыйы ретінде арнайы жоба өтеді.

Алматы қаласы әкімінің «Digital Ustaz Almaty» сыйлығы ұстаздар арасындағы бірінші байқауды Алматы қаласының әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру Қоры, EdCrunch Academy Қазіргі Заманғы Білім Беру Институты, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен дайындады. Бас серіктес - «Алматыкітап баспасы». Байқау қалалық мектептердің Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі білім беру жүйесінде көшбасшы ретіндегі жаңа имиджін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметтің стереотиптерін жою мақсатында құрылған.

Бүгін Алматыда өткен білім қызметкерлерінің форумында Бақытжан Сағынтаев айтқандай:

«Алматы мектептері постковидті кезеңде: білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі»: «Құрметті ұстаздар! Бүгінгі Форум барысында біз дәстүрлі форматтағы жұмысты қайта жаңғырту жағдайында біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттерді талқыладық.

Бұл мәселелерді тиімді шешуде негізгі рөл ұстаздарға тиесілі. Сондықтан, жаңа оқу жылында біз ұстаздарды қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз, ең алдымен олардың кәсіби дағдыларын ынталандыру.

Онлайн оқыту тәжірибесі қазіргі таңда мектепке жаңашылдыққа ашық, үнемі өзін-өзі дамытуға және шығармашылық өсуге ұмтылатын ұстаздар қажет екенін айқын көрсетті.

Біз мұғалімдерге осындай мүмкіндік бергіміз келеді, сондықтан бүгін біз Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорымен бірлесіп, цифрлық педагогиканың табысты әдістерінің тәжірибесін оқыту мен меңгеруде цифрлық технологияларды танымал ету басты мақсаттары болып табылатын «Digital Ustaz Almaty» жаңа байқаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Байқау үш кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысында білім беру саласындағы көшбасшылардың - жетекші халықаралық спикерлер қатысуымен вебинарлар мен мастер-класстар өтеді.

Байқау жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал бірінші орын иегері Лондонда немесе Хельсинкиде білім беру тағылымдамасына барады.

Мен мұғалімдерді өздерінің кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуірде жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін зерттеуге қадам жасауына, «Digital Ustaz Almaty» байқауына белсенді қатысуға шақырамын.

Барлық мұғалімдерге сәттілік тілеймін!»

«Digital Ustaz Almaty» байқауы үш кезеңнен өтеді, Алматы қаласының мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарында бір жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар оқу бағдарламасының барлық пәндері бойынша 1-12 сынып ұстаздарының қатысуына өтінімдер жобаның ресми сайтында digitalustazalmaty.kz 1-ші қазанға дейін тапсырылуы мүмкін.

«Digital Ustaz Almaty» тапсырмалары қазіргі мектеп оқушыларының қызығушылықтарын ескере отырып, цифрлық құралдар мен мультимедиялық платформаларды қолдана отырып, білім мазмұнын дамытуға бағытталған. Сондықтан байқаудың әр кезеңінде ұстаздар оқушыларды ынталандыруға, білім беру digital-құралдары мен мазмұны бойынша халықаралық спикерлерден қарқынды оқытулар және мастер-кластардан өтуге мәжбүр болады.

2021 жылдың желтоқсанында қорытынды бойынша 1, 2, 3 орын иегерлері анықталады. Бірінші орын жеңімпазына шетелдік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өту үшін білім гранты беріледі. 10 супер-финалисттер диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Байқаудың соңғы кезеңінің 30 финалисті EdCrunch - 2021 кәсіби конференциясына қатысады.

Байқаудың финалы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.

«Digital Ustaz Almaty» кезеңдерінің барынша ашықтығын және тапсырмаларды объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін Байқау кеңесі құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасының азаматтары және білім беру, мемлекеттік және қоғамдық қызмет, кәсіпкерлік, ғылым мен заманауи технологиялар саласындағы айрықша жетістіктері бар шетелдік сарапшылар кіретін болады.

 

Анықтама үшін байланыс және WhatsApp:

du@digitalustazalmaty.kz

info@digitalustazalmaty.kz

+ 7 778 9058329

«Digital Ustaz Almaty» байқауы әлеуметтік желілерде:

@digital_ustaz_almaty