
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Евгений Пак қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Евгений Пак 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.
Бірнеше жоғары білімі бар: 2008 жылы Сулейман Демирель атындағы университетті (техникалық ғылымдар мен технологиялар бакалавры), 2011 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, (экономист), 2013 жылы Көкшетаудағы А.Мырзахметов атындағы университетті (заңгер), сонымен қатар «MИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің магистратурасын (Мәскеу, РФ) экономика магистрі бойынша тәмамдаған.
Энергетика саласындағы еңбек жолын «KEGOK» АҚ энергонарығының автоматтандырылған жүйелер қызметінің аға маманы болып бастаған.
Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ компаниялар тобында басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылы - Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары.
2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін «Алматыжылу коммунэнерго» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.