Алматы эпидемиологтары КВИ жағдайларының апта сайынғы тіркелуінің 12 мыңға дейін өсуін болжайды

Алматы эпидемиологтары КВИ жағдайларының апта сайынғы тіркелуінің 12 мыңға дейін өсуін болжайды

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматыда КВИ жағдайы туралы соңғы деректерді жариялады.


Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, Алматыда соңғы аптада КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал күніне 1,6 мыңға жуық жағдайдың тіркелуімен нашарлай түсті. 28 шілдеден бастап аурудың тәуліктік тіркеуі 1,5 мың жағдайдан асты, жалпы шілдеде 25 544 жағдайды және осы жылдың басынан бері 89 035 жағдайды құрады.

«Өткен аптада, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, КВИ жағдайларының тіркелуі 1,5 есеге - 8 393-тен 12 432 жағдайға дейін өсті, бірақ өткен күндермен салыстырғанда тәуліктіу өсім 1,7%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. R- саны - 1,2-ден 1,07-ге дейін», - деді Ж. Бекшин.

Алматы қаласының СЭБД басшысы 8-20-маусым аралығында эпидемияның үшінші толқыны тұрақтанғаннан кейін, «британдық» COVID-19 нұсқасының пайда болғанын, 20 шілдеден кейін эпидемияның төртінші толқынының басталғанын атап өтті. Ол іс жүзінде ағымдағы жылдың 30 шілдесінен бастап күніне шамамен 1,5-1,6 мың жағдай тіркелуде. КВИ жағдайлары бойынша апталық тіркеудің өсуі аурудың тамыз айының соңына қарай 12 мың жағдайға төмендеуі мүмкін деп болжанады.