Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Серік Ибраев Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.


Серік Ибраев 1991 жылы 7 желтоқсанда туған. 2013 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірген.

2010 жылдан 2015 жылға дейін банк секторында жұмыс істеген.
2015-2018 жылдар аралығында «Казгеомаш» ЖШС басшылық қызметтерді атқарған.
2019 жылдан 2020 жыл аралығында Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.
Қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары болған.